Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылда болу

kn   2017 жылдың 1 тоқсанында «Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесіне 16 нормитивтық құқықтық актілер жіберілді (мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері, облыс аймақтардың әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы және т.б.). Соның ішінен 14 жоба ұсыныстар мен ескертулерсіз қабылданды, 2 жоба бойынша ұсыныстар мен ескертулер ұсынылды.

 kn   Кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобы
Кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі жұмыс тобы ШҚО-да кәсіпкерлік қызметті әкімшілендіру үдерістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар пысықтау және іске асыру, соның ішінде, кәсіпкерлердің түрлі келісімдер алуы, мемлекеттік органдарда рұқсат беру үдерістерінен өтуі, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік үдерістердің айқын болуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізуде.

 kn    Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2006 жылғы 1 шілдеден бастап орталық және жергілікті атқарушы органдардың сараптау қорытындысын алу үшін сараптау кеңестері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қорғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жіберу тәртібі іске қосылған.

Заңның аталған нормасын іске асыру мақсатында облыс әкімдігінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 667 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесі құрылды. Сараптау кеңесіне шағын кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, мемлекеттік органдар өкілдері енді.

2008 жылы белгіленген тәртіпте аккредиттеуден өткен кәсіпкерлер бірлестігі:
«Директорлар кеңесі» Шығыс Қазақстан өңірлік одағы» заңды тұлғалар бірлестігі (ЗТБ);
«Шығыс Қазақстанның автотасымалдаушылары одағы» қауымдастығы» ЗТБ;
«Шығыс Қазақстан облысының орман, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі кәсіпорындарының өңірлік қауымдастығы» ЗТБ.

 

 

Парақтар өзгертілді: 16-05-2017