«Бизнестің жол картасы – 2020»

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің « Жаңа онжылдық – Жаңа экономи калық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалық-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

«Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасының әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторлары:

Бағдарламаның іске асырылуы:
1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыт аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден:
1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;
5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.

Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:
1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) бойынша пайыздық мөлшерлемесін және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегін субсидиялау;
2) Борышкерге төлемақы өсімін есептеместен бюджетке (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру мәселесін заңи деңгейде қарастыру;
3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, онда ол мынадай:

* Кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жүзеге асырылады.
* Кредит бойынша ішінара кепілдік беру тек бірінші бағыт бойынша – жаңа бизнес-бастамаларды қолдау , яғни жаңа кредит алған кезде ғана жүзеге асырылады .

«Жол картасы» аясындағы субсидия дегеніміз бұл бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі. Субсидиялау Банктердің жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттері бойынша, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған қолданыстағы жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Жаңа кредиттерге Банктерден жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономик аның басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін 2010 жылғы 1-қаңтардан бастап берілген кредиттер де жатады.
Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 (бір) жылдан 3 ( үш ) жылға дейін, кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
Бір Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Сонымен кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/компаниялардың кредиті бойынша берешегін есепке алмағанда, әр Кәсіпкерге жеке есептелінеді.
2010 жылы 12%-дан аспайтын номиналды мөлшерлемесі бар кредиттерге субсидия бөлінеді, оның 7% -дан аспайтындай мөлшерін Кәсіпкер төлейді, ал 5%-н мемлекет жабады. Кредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 12%-дан төмен болған жағдайда, онда 5% орнын мемлекет толтырады, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.
Егер Кәсіпкер сыйақының номиналды мөлшерлемесін жылдығы 12%-ға дейін төмендету жөнінде Банкпен келіскен жағдайда ғана 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 12%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша берілген қолданыстағы кредиттер үшін субсидия алуға мүмкіндік болады.
Банк субсидиялау кезінде кредитке байланысты ешқандай комиссия , алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды. Тек :

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының ықтимал қатысушылары үшін кономиканың басым секторларының тізбесі

ОКЭД коды

Атауы

Агро өнеркәсіптік кешен

01

Өсімдік өсіру және мал өсіру, аң аулау және осы салаларда 01.11 Дәнді дақылдар, бұршақ және майлы тұқымдар (күріштен басқасы) өсіруді қоспағанда қызмет көрсету 

02

Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

03

Балық аулау және аквамәдениеті

10

Тағам өнімдерінің өндірісі

11.06

Солод өндіру

11.07

Минералды сулар және басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі

Тау – кен өндірісі

09

Тау – кен өндірісі саласында техникалық қызмет көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз жасау

13

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Былғары және соған қатысты өнім өндірісі

16

Ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі, жиһаздан басқасы, сабан және өру үшін қажет материалдардан бұйымдар жасау

17

Қағаздан және қағаз өнімінің өндірісі

18

Жазылған материалдарды басу және көшіру

20

Химия өнеркәсібінің өнімін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

31

Жиһаз жасау

Құрылыс материалдары және басқа да металл емес өнімдер өндірісі
23

Басқа да металл емес өнімдер өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургиялық өндіріс

25

Дайын металл бұйымдарының өндірісі, машина мен құрал-жабдықтардан басқасы

26

Компьютерлерді, электронды және оптикалық өнімдер өндірісі

27

Электр құрал-жабдықтарының өндірісі

28

Басқа санаттарға қоыслмаған машина мен құрал-жабдықтардың өндірісі

29

Автокөлік құралдары, трейлер мен жартылай тіркемелердің өндірісі

30

Басқа да көлік құралдарының өндірісі

33

Машина мен құрал-жабдықтарын жөндеу және орнату

Өндірістің басқа да секторлары
32

Басқа да дайын бұйымдардың өндірісі

35

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны тазарту

36

Суды жинай, өңдеу және тарату

37

Кәріз жүйесі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу, жою, қалдықтарды залалсыздандыру

39

Қалдықтарды жою саласында қалпына келтіру және басқа да қызметтер

Көлік және жинау

45.2

Көлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

49

Құрлықтағы көлік және құбырлар арқылы тасымалдау

50

Су көлігі

51

Әуе көлігі

52

Қойма шаруашылығы және көмекші көлік қызметі

53

Пошталық және тасымалдау қызметі

Туризм

55

Тұруды ұйымдастыру бойынша қызмет

Ақпарат пен байланыс

59.14

Кинофильмдер көрсету бойынша қызмет

61

Байланыс

62

Компьютерлік бағдарлау, кеңес беру және басқа да жалғас қызметтерді көрсету

Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы қызмет, салық салу жөнінде кеңестер беру

71

Сәулет, инженерлік іздестіру, техникалық сынақ және талдау саласындаға қызмет

72

Ғылыми зерттеулер мен талдамалар

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

81

Ғимарат пен аумаққа қызмет көрсету саласындағы қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер
86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұрумен қамтамасыз етілген әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұрумен қамтамасыз етілмеген әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, көңіл көтер мен дем алу

91

Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар және басқа да мәдени мекемелер қызметі

93

Спорт саласындағы қызмет

93.1

Спорт саласындағы қызмет

Өзге де қызмет түрлерін көрсету

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Жуу және тоқыма бұйымдары мен тері бұйымдарын (химиялық) тазалау

Сала басымдылығы жоба бойынша анықталады!

Бағдарлама шеңберінде өз жобаларын іске асыруға мүдделі кәсіпкерлерге 1-ші және 3-ші бағыт бойынша: жаңа бизнес-бастамалардың қолдау (несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, ішінара кепілдік беру); өнімді сыртқа шығаруға бағытталған өңдірісті қолдау (несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау) жобаның тиімділігіне қаржы-экономикалық бағалаудың оңды қорытындысын алу үшін екінші деңгейдегі банктерге бару қажет. Жобаны несиелеу туралы банктің оңды шешімін алған жағдайда, өтініш беруші жобаны өңірлік үйлестіру кеңесінде қарау үшін ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына хабарласады. Бизнес жүргізуді сервистік қолдау бойынша ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына хабарласу қажет. ШҚО бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мекенжайы: ШҚО, Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40,  каб, 318, 307, тел. 26-13-13, 24-18-83.

Бағдарламаның іске асырылуына қатысатын екінші деңгейдегі банктер тізімі:


Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Экономиканың басым секторында қызметті жүзеге асыратын әрекеттегі және жаңадан бастаушы кәсіпорындар, өндірісті жаңғырту мен бизнесті басқарудың заманауи үлгісін енгізу мақсатында кәсіпкерлік потенциалды нығайтуға бағытталған мемлекеттік қолдауды алуға «Кәсіпкерлік потенциалды нығайту» - «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бағытының шеңберінде тиісті үлгідегі өтінімдер мынадай электрондық мекенжайға:

Бағыттар бойынша жолдансын:
1) жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдау (старт-ап жобалар)

 

e-mail

Байланыс телефон дары, факс

Жауапты орындаушы

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

malbss@predprom.vko.gov.kz

24-18-83

Мулякова Н.В.

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ vko@fund.kz 21-44-86
26-38-76
26-08-67
Акенев М.А.
Нұрсапинов Н.С.
Нұрахметова Ж.Д.

2) әрекеттегі бизнесті жүргізуде сервистік қолдау
3) шағын және орта бизнестің топ-менеджментіне оқыту
4) «Іскерлік байланыстар» жобасы

 

e-mail

Байланыс телефондары, факс

Жауапты орындаушы

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

malbss@predprom.vko.gov.kz

24-18-83
26-13-13
Мулякова Н.В. Қырықбаева Ә.Т.
«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ ” vko@fund.kz 21-44-86
26-38-76
26-08-67
Акенев М.А.
Нұрсапинов Н.С.
Нұрахметова Ж.Д.

Назар аударыңыз! Өтінімдер алдын-ала қабылданады. «Бизнестің жол    картасы – 2020» бағдарламасын әзірлеуші – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Өтінімдер үлгісіне немесе оларды ұсыну шарттарына өзгерістер енгізген жағдайда, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы алдын-ала қабылданған өтінімдерді сәйкестендіру бойынша әрбір өтініш берушімен жекеше жұмыс жүргізетін болады.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының қатысушылары бойынша пресс-тур

«Даму»  кәсіпкерлікті дамыту қоры, облыстық  кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп,   ШҚО ішкі  саясат басқармасының көмегімен  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының (бұдан әрі «Бағдарлама»),  қатысушы-кәсіпорындары бойынша Семей қаласында  пресс-тур ұйымдастырды.

Бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде  Семей аймағында кәсіпкерлердің 28 жобасы мақұлданды, соның ішінде  бірінші бағыт бойынша 22 (жаңа бизнес – бастамалар), төртеуі – екінші бағыт бойынша ( кәсіпкерлік секторының жақсартылуы), екеуі – үшінші бағыт бойынша ( кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін азайту).
11-12 желтоқсан аралығында өткен пресс-тур барысында журналистер, нақты мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қолдау көрген төрт  өндірістік кәсіпорында болды: «Асбестцементтік бұйымдар зауыты» ЖШС, «Технология комфорта» ЖШС, «Solo-интерьер» ЖШС, «Фирма Азия» ЖШС.

«Асбестцементтік бұйымдар зауыты» ЖШС  бүгінгі күні өнімнің 30 түрін өндіреді, атап айтқанда шифер, шатыр черепицасы, қаптау тақтайы, бетон бұйымдар. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 132 миллион  шифер тақтай. Компания көбінесе өнімді Тәжікістанға экспорттауға  бет алған.
- Біз бағдарламаға қатысу үшін өтінішті осы жылы бердік, содан кейін металчерепицасын өндіруге және «Тераццо» итальян технологиясы бойынша жасанды тас өндіруге арналған жабдықты сатып алу үшін 150 мың доллар көлемінде несие алдық, - деп баяндайды, инновациялық технологиялар бойынша директор орынбасары Расул Шайсқақов. - «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлерге, өндірісті кеңейтуге және түрлендіруге, жаңа инновациялық жабдықтар сатып алуға, тауардың өзіндік құнын азайтып өндірілетін тауардың  қазақстан нарығында минималды тәуекелдер және шығындармен  бәсекелестік қабілетін арттыруға  шын мәнінде мүмкіндіктер береді. Бағдарламаның шарттары және механизмдері орта және де шағын бизнес өкілдеріне қол жетімді.  
Пресс-тур бағдарламасының келесі бекеті,  қала тұрғындарына  пластикалық терезелер мен есіктердің ірі өндірушісі ретінде  танымал «Технология комфорта» компаниясы болды. Кәсіпорын қол жеткізген мақсаттарында тоқтамай өндіретін өнімдерінің түрлерін кеңейтуде.  Ағымдағы  жылдың шілде айынан бастап ЖШС жанында жұмыс қолғаптарын өндіру бойынша қуаты айына 300 мың  жұп болатын Қазақстандағы бірінші фабрика ашылды. «Технология комфорта» ЖШС қолғап фабрикасы директоры Қанат Бейбітовтың  сөздері бойынша, жаңа жабдық сатып алуға ең төменгі несие пайыздары бойынша несие алу үшін кәсіпорын «Даму-Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан (сыйақының мөлшерлемесі  8 %), ал содан кейін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін  қаржыландыру бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысқан, осының нәтижесінде кәсіпорын пайыздық мөлшерлемені ең төменіне азайту  мүмкіндігіне қол жеткізген (клиент төлейтін мөлшерлеме 1%) .

Мемлекеттің пайыздық мөлшерлемені қаржыландырыуын  пайдалану шешімін «Solo-интерьер» компаниясының басшылығы да қабылдаған. Кәсіпорын жиһаз сатуға арналған сауда үйі құрылысы үшін тиімді шарттармен  21 миллион теңге несие алған.  Семей қаласында компанияның меншікті сауда үйі бар, оны кеңейту үшін Бағдарлама шеңберінде несие алынған. Клиентке бұйырған 12,5% -дан жеті пайызы Бағдарлама шарттарына сәйкес қаржыландырылады (өтеледі).
Пресс-турдың төртінші қатысушысы, негізгі қызметі құрылыс материалдарын өндіру болып табылатын және Бағдарлама қатысушысы «Фирма Азия» ЖШС болды.  Компания меншігінде өндіріс базасы, темірбетон бұйымдар өндіретін зауыт, арнайы техникамен жабдықталған автопарк бар. ЖШС мәрмәр және асбестцементінен бұйымдар өндіруге арналған жабдықты сатып алған , сонымен қатар айналдымдағы қаражатын толықтыру үшін несие желісін алған. 14-тен 7 пайызы Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша клиент есебіне қайтарылады.

- «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған , - деді, «Даму» КДҚ» АҚ қаржылық емес  қолдау бойынша бас менеджері  Мұрат Акенев: - Бағдарлама кәсіпкерлердің  ілерлеуіне және өз ісін дамытуына кедергі  болатын қаржылық тосқауылдардан өтуге  көмектесуге арналған. Семей қаласында кәсіпкерлер көп, олар біздің клиенттеріміз болуы мүмкін, бірақ олар нақты бағдарламаның болғанынан хабарсыз. «БЖК 2020» бағдарламасына қатысу үшін банктің мақұлдауы керек, ал содан кейін жоба қарастырылуы үшін АКК (аймақтық координациялық кеңес) шығарылады.  Болымды шешім қабылданған жағдайда қаржыландыру  шарты жасалады. Несиенің мақсаты бағдарламада қарастырылған басымды салаларға сәйкес болу керек.
Пресс-тур Бағдарламаны ақпараттық тұрғыдан кеңінен қолдауға және әр түрлі БАҚ арқылы аймақта белсенділігін арттыруға бағытталған, соның ішінде теледидар, газеттер, сайттар. Осы сияқты шаралар басқа облыстарда да жүргізілген және кәсіпкерлерден келген өтініштер ағыны көбейген,  нәтижесінде нақты облыстардың Республика бойынша рейтингтері жақсарған.

 

kn  2013 жылгы ШҚО бойнша «Бизнестің жол картасы 2020» жузеге асыру шеңберінде ӨҮК қолдаған басым жоба Тізімі. *.doc 22 KB
kn  Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау объектілері басым *.doc 22 KB
kn  «Іскерлік қатынастар» жобасы туралы ақпарат *.doc 22 KB
kn  Шығыс Қазақстан облысында кепілдеу бастамасы берілді *.doc 22 KB



Парақтар өзгертілді: 02-05-2017