Мемлекеттік қызметтің имиджі

ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Абижанова Зарина Муратовнаkn Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі – Абижанова Зарина Муратовна.

kn Мекенжай: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 127 кабинет.
kn Байланыс телефоны: 8(7232) 71-31-78.
kn E-mail: z.abizhanova@akimvko.gov.kz.

 

 

 

Шығыс Қазақстан облысы әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау
КЕСТЕСІ

Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдайтын тұлғаның аты-жөні, тегі

Қабылдау жүргізетін тұлғаның лауазымы

Қабылдау күні мен  уақыты

Қабылдау орны

Байланыс телефоны

Абижанова Зарина Муратовна

Шығыс Қазақстан облыс әкім аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі

Апта сайын сейсенбі күндері
сағат 16.00-ден
18.00-ге дейін

Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, 127 кабинет.

8(7232)
71-31-78

Әдеп жөніндегі уәкіл өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
2) мемлекеттік қызметшілердің заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етеді;
3) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
5) мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;
6) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асырады;
7) мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының қызметтік әдеп нормаларын бұзу деректері бойынша тиісті шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттік органның басшылығына хабарлайды;
8) мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттік органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгізеді;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
10) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді;
11) заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды адамдарға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгінеді;
12) қызметтік әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметті ұйымдастырады.

Майра Батталқызы Нұрбаева, руководитель отдела по реализации государственной торговой политики - уполномоченная по этике

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беретін әдеп жөніндегі уәкілі – 2016 жылғы 16 ақпандағы № 10 бұйрықпен Майра Батталқызы Нұрбаева анықталды.

kn   Телефон: 8-7232-71-32-66

kn    Азаматтарды қабылдау: Мемлекеттік қызметшілер мен өзге де азаматтарды қабылдау: бір рет әр айдың екінші сейсенбісінде сағат 16-00- ден 18-00-ге дейін.

kn Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары *.pdf 34,2 MB

kn Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі
(Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары)
*.doc 56 KB

kn Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже *.doc 48 KB

 

Парақтар өзгертілді: 20-03-2018