Тауарлар мен қызметтер өндірісі

ШҚОөнеркәсібінің 2017 жылдың жұмысы бойынша ақпарат

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер тізіміне сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1187,8 млрд. теңге сомасында өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 21,4%  немесе 209,6 млрд. теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі-108,7% құрады.
Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді зерттеуде өңдіріс  көлемі 168,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен 2017 жылғы қаңтар- тамыз айларымен салыстырғанда  63,2% немесе 65,4 млрд. теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі-113,7%.
Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 14,2% құрайды.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 941,4 млрд. тенге құрады, өткен жылғы тиісті кезеңнен 17,6% немесе 140,9 млрд. тенгеге жоғары. Нақты көлем индексі 109,2% құрады.
Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 79,3% құрайды.
2018 жылғы қаңтар - тамыз айларында 4754,4 мың тонна тас көмір өндірілді, ол 2017 жылдың қаңтар - тамыз аймен салыстырғанда 33,5%-ға көп, мыс рудасы 24887,6 мың тонна (ол 36,0%), рафинатталған мыс 61684 тонна 21,1% артық.
Сонымен қатар, портланд цементі (ақтан басқасы) (10,0%), тазартылған күміс 8,9%, қорғасын концентраттары 27,7% кем өндірілген.

 

2018 жылы қаңтар - наурыз айларында облыс өнеркәсібінің өндіріс көлемі (жұмыс, қызметтер) 420,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 19,7% немесе 69,3 млрд. теңгеге артық. Физикалық көлем көрсеткіші – 106,7%.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 58,8 млрд. теңгені құрады, 2017 жылдың қаңтар - наурыз айларына қарағанда 78,7%- ға немесе 25,9 млрд. теңгеге жоғары. Физикалық көлем көрсеткіші – 112,0%.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 326,7 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылға қарағанда 14,6%- ға немесе 41,6 млрд. теңгеге артық. Физикалық көлем көрсеткіші – 107,5%.
2018 жылғы қаңтар - наурыз айларында 2140,4 мың тонна тас көмір өндірілді, ол 2017 жылдың қаңтар наурыз аймен салыстырғанда 22,4%, мыс рудасы 7786,5 мың тонна (ол 57,9%), рафинатталған мыс 21229 тонна 12,7% артық.
Сонымен қатар, портланд цементі (ақтан басқасы) (14,7%), тазартылған күміс 8,6%, алтын құрамды концентраттар 39,3%, қорғасын концентраттары 8,0% кем өндірілген.
Портланд цементінің аз өндірілуі сұраныстың аздығына және темір жол тасымалының тарифтерінің жоғарылауына байланысты «БЦК» АҚ-ның өнімі өзіндік құнының қымбаттауына әкелді.

ШҚО өнеркәсібінің 2018 жылдың қаңтар - ақпан айларындағы жұмысы бойынша ақпарат

2018 жылы қаңтар - ақпан айларында облыс өнеркәсібінің өндіріс көлемі (жұмыс, қызметтер) 234,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 1,4% немесе 27,3 млрд. теңгеге артық. Физикалық көлем көрсеткіші – 105,6%.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 32,2 млрд. теңгені құрады, 2017 жылдың қаңтар - ақпан айларына қарағанда 55,5%- ға немесе 11,5 млрд. теңгеге жоғары. Физикалық көлем көрсеткіші – 105,3%.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 179,0 млрд. теңгені құрады. ФКК 106,2% құрады, өткен жылға қарағанда 5,1%- ға немесе 9,6 млрд. теңгеге төмен. Физикалық көлем көрсеткіші – 106,2%.
2018 жылғы қаңтар - ақпан айларында 1476,2 мың тонн тас көмір өндірілді, ол 2017 жылдың қаңтар ақпан аймен салыстырғанда 30,0% артық, мыс рудасы 4758,2 мың тонн. (ол 55,9%).
Сонымен қатар, портланд цементі (ақтан басқасы) (18,4%), аффинатталған күміс 16,1%, алтын құрамды концентраттар 53,5%, қорғасын концентраттары 9,9%. кем өндірілген.

Парақтар өзгертілді: 23-01-2019
  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU