Тауарлар мен қызметтер өндірісі

2018 жылғы қаңтар-қарашадағы Шығыс Қазақстан облысы өнеркәсібінің жұмысы туралы ақпарат

Өнеркәсіп өнімінің (жұмыстардың, қызметтердің) көлемі облыс бойынша қолданыстағы бағаларда 2018 жылы 1867,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 18,0% - ға немесе 284,7 млрд. теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі-109,3% құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 307,2 млрд.теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 68,1% - ға немесе 124,5 млрд. теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі-108,3%.
Тау-кен өнеркәсібінің үлесі 16,4% құрайды.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1439,4 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 12,1% - ға немесе 154,8 млрд.теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі 111,5% құрады.
Облыстың өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 77,1% құрайды.

2017 жылмен салыстырғанда металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 8,5% - ға артты және 1015,0 млрд. теңгені құрады (2017 жылы 935,7 млрд.теңге). Нақты көлем индексі-112,2% құрады.
Өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі осы саланың үлесі 70,5% құрайды.

Металлургия өнеркәсібіндегі көлем негізгі асыл және түсті металдар өндірісінің 8,4% - ға немесе 78,6 млрд.теңгеге ұлғаюына байланысты ұлғайды. НКИ-112,2%. Металлургия өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі ішкі сала үлесі 99,7% құрайды.
2018 жылы машина жасау саласында 161,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2017 жылға қарағанда 47,8% - ға немесе 52,1 млрд. теңгеге артық. Нақты көлем индексі 117,8 % құрады.


Осы саладағы өндіріс көлемінің ұлғаюы «Азия Авто» АҚ-да автомобильдер өндірісінің 60,0% - ға (2018 жылы 18 250 дана шығарылды) ұлғаюына байланысты, «СемАз» ЖШС-да тракторлар өндірісі 47,9% - ға (2018 жылы 278 дана), «Урал» автомобильдері 5,4 есе, «Газель» автомобильдері 66,7% - ға ұлғайды, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-да автобустар өндірісі 44,8% - ға өсті.

2018 жылы өзге металл емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 52,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 12,7% - ға немесе 5,9 млрд. теңгеге жоғары. НКИ 98,0% құрады.
Салада өндіріс көлемінің төмендеуі цемент клинкерінің 6,5% – ға, портландцементтің 7,7% - ға, тауарлық бетонның 4,6% - ға төмендеуімен байланысты.

ШҚО Ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 2018 жылы 5,4 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,9% - ға немесе 0,1 млрд. теңгеге жоғары. НКИ 100,6% құрады.  Фанера Мен фанерленген панельдер өндірісі 9,4%-ға, ағаш-жоңқалы плиталар өндірісі 3,0 есе артты.

2018 жылы жеңіл өнеркәсіп өндірісінің ақшалай мәнде көлемі 4,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезең деңгейінен 4,4% - ға немесе 0,2 млрд. теңгеге төмен. НКИ-82,3%.
Төмендеу киім өндірісінің 13,7% – ға, Былғары және оған жататын өнімдер өндірісінің 70,8% - ға төмендеуіне байланысты.

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында жалпы сомасы 1,8 млрд.теңгеге фармацевтикалық өнім өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 28,0% - ға немесе 0,7 млрд. теңгеге төмен.
Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндірісінің НКИ 61,5% құрады

ШҚОөнеркәсібінің 2018 жылдың жұмысы бойынша ақпарат

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер тізіміне сәйкес, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1187,8 млрд. теңге сомасында өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 21,4%  немесе 209,6 млрд. теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі-108,7% құрады.
Тау-кен өнеркәсібінде және карьерлерді зерттеуде өңдіріс  көлемі 168,8 млрд. теңгені құрады, бұл өткен 2017 жылғы қаңтар- тамыз айларымен салыстырғанда  63,2% немесе 65,4 млрд. теңгеге жоғары. Нақты көлем индексі-113,7%.
Тау-кен өнеркәсібінің көлемі 14,2% құрайды.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 941,4 млрд. тенге құрады, өткен жылғы тиісті кезеңнен 17,6% немесе 140,9 млрд. тенгеге жоғары. Нақты көлем индексі 109,2% құрады.
Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 79,3% құрайды.
2018 жылғы қаңтар - тамыз айларында 4754,4 мың тонна тас көмір өндірілді, ол 2017 жылдың қаңтар - тамыз аймен салыстырғанда 33,5%-ға көп, мыс рудасы 24887,6 мың тонна (ол 36,0%), рафинатталған мыс 61684 тонна 21,1% артық.
Сонымен қатар, портланд цементі (ақтан басқасы) (10,0%), тазартылған күміс 8,9%, қорғасын концентраттары 27,7% кем өндірілген.

 

2018 жылы қаңтар - наурыз айларында облыс өнеркәсібінің өндіріс көлемі (жұмыс, қызметтер) 420,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 19,7% немесе 69,3 млрд. теңгеге артық. Физикалық көлем көрсеткіші – 106,7%.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 58,8 млрд. теңгені құрады, 2017 жылдың қаңтар - наурыз айларына қарағанда 78,7%- ға немесе 25,9 млрд. теңгеге жоғары. Физикалық көлем көрсеткіші – 112,0%.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 326,7 млрд. теңгені құрады, ол өткен жылға қарағанда 14,6%- ға немесе 41,6 млрд. теңгеге артық. Физикалық көлем көрсеткіші – 107,5%.
2018 жылғы қаңтар - наурыз айларында 2140,4 мың тонна тас көмір өндірілді, ол 2017 жылдың қаңтар наурыз аймен салыстырғанда 22,4%, мыс рудасы 7786,5 мың тонна (ол 57,9%), рафинатталған мыс 21229 тонна 12,7% артық.
Сонымен қатар, портланд цементі (ақтан басқасы) (14,7%), тазартылған күміс 8,6%, алтын құрамды концентраттар 39,3%, қорғасын концентраттары 8,0% кем өндірілген.
Портланд цементінің аз өндірілуі сұраныстың аздығына және темір жол тасымалының тарифтерінің жоғарылауына байланысты «БЦК» АҚ-ның өнімі өзіндік құнының қымбаттауына әкелді.

ШҚО өнеркәсібінің 2018 жылдың қаңтар - ақпан айларындағы жұмысы бойынша ақпарат

2018 жылы қаңтар - ақпан айларында облыс өнеркәсібінің өндіріс көлемі (жұмыс, қызметтер) 234,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінен 1,4% немесе 27,3 млрд. теңгеге артық. Физикалық көлем көрсеткіші – 105,6%.
Тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 32,2 млрд. теңгені құрады, 2017 жылдың қаңтар - ақпан айларына қарағанда 55,5%- ға немесе 11,5 млрд. теңгеге жоғары. Физикалық көлем көрсеткіші – 105,3%.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 179,0 млрд. теңгені құрады. ФКК 106,2% құрады, өткен жылға қарағанда 5,1%- ға немесе 9,6 млрд. теңгеге төмен. Физикалық көлем көрсеткіші – 106,2%.
2018 жылғы қаңтар - ақпан айларында 1476,2 мың тонн тас көмір өндірілді, ол 2017 жылдың қаңтар ақпан аймен салыстырғанда 30,0% артық, мыс рудасы 4758,2 мың тонн. (ол 55,9%).
Сонымен қатар, портланд цементі (ақтан басқасы) (18,4%), аффинатталған күміс 16,1%, алтын құрамды концентраттар 53,5%, қорғасын концентраттары 9,9%. кем өндірілген.

Парақтар өзгертілді: 16-04-2019
  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU