Қазақстандық қамтуды дамыту

Облыстық кәсіпорындарға жергілікті қамту үлесін көбейту мәселесі бойынша көмек көрсету мақсатында 2016 жылдың 30 наурызында облыс әкімінің  № 18-ө өкімімен отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мәселесі бойынша Комиссиясы құрылды.

2016 жылы Комиссия, білім беру, денсаулық сақтау, коммуналдық-тұрғын-үй және көлік инфраструктура саласындағы жергілікті қамтуды көбейту мәселелерін талқылау бойынша, - 10 мәжілісін өткізді.
2017 жылдың басынан 5 Комиссия отырыстарында 20 облыстық мәселе бойынша сұрақтар талқыланды.

Облыстық Комиссия отырысында қабылданған хаттамалық тапсырмалардың орындалуы аясында құрылыс объектілерін салу және қайта жөндеу кезінде облыстық бюджет есебінен қаржыланатың жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен қолдануға сатып алынатың тауарларына, жұмыстарына және қызмет көрсетілімдеріне тоқсан сайын мониторинг жүгізіледі.

Мемлекеттік мекемелермен берілген мәліметтерге сәйкес 2016 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті қамтуды дамыту үлесінің жалпы сомасы 63% құрады, оның ішінді 88,3% тауарлар, 99,9%- жұмыстар мен қызмет көрсетілімдер құрады.
2017 жылдың бірінші тоқсандығының қорытындысы бойынша жергілікті қамтудың жалпы үлесі 70,5% құрады, оның ішінді 54,5% тауарлар, 72,7%- жұмыстар мен қызмет көрсетілімдер құрады, ол былтырғы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 0,2 % өсті, және тауарлардың сатып алымы - 26% өскені байқалды.

 

Парақтар өзгертілді: 19-05-2017