Аймақтың инновациялық даму жүйесі бойынша ақпарат

2017 жылы бойынша инновациялық даму туралы

Шығыс Қазақстанда жыл сайын инновациялық кәсіпорындардың саны артуда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша – 303 кәсіпорында инновациялар бар. Инновациялық даму тұжырымдамасы қабылданған сәттен бастап, инновациялық кәсіпорындар саны 3 есеге көбейді (2013 ж. – 99 кәсіпорындар, 2017 ж. – 303).

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі жыл сайын республикалық көрсеткіштен асып, жоғарылауда. 2017 жылдың қорытындысы бойынша инновациялық белсенділік деңгейі 15,1% жетті (ҚР – 9,6%), осы көрсеткіш бойынша облысы республикада бірінші орын алады.
2017 жыл қорытындысы бойынша Инновациялық өнім көлемі (тауарлар, қызметтер) 80,5 млрд. теңгені құрады және 2016 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты (2016 жылы – 54,3 млрд. теңге). инновациялық өнімнің 37% өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өндірілген және өткізілген инновациялық өнімдердің жартысынан астамы экспортқа қойылған.

2017 жылда инновациялық өнім өндіріс көлемінің өсуі жалпы өңірлік өнім құрылымында инновациялық өнімнің үлесін арттыруға мүмкіндік берді. 2016 жылы Шығыс Қазақстан бойынша жалпы өңірлік өнімнің 1,9% инновациялық өнім құраған, 2017 жылы көрсеткіш артып, 2,7% жетті (ҚР – 1,6%). Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Шығыс Қазақстан нақты экономика секторының техникалық жетілдіру мәселелерін шешу үшін қажетті жоғары ғылыми-техникалық әлеуетке ие.
Облыста 142 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық бөлімшелер әрекет етеді. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ҒЗТКЖ арналған шығындар 6,9 млрд. теңгені құрады, 2016 жылмен салыстырғанда өсім 1,5 есе (4,7 млрд. теңге). 2017 жылы облыс бойынша ҒЗТКЖ жүзеге асыратын қызметкерлердің саны 2325 адамды құрады, бұл Қазақстан Республикасында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер орындайтын мамандардың жалпы санының 10% құрайды. Облыс Астана және Алматы қалаларынан кейін 3 орынды алады.

ҒЗТКЖ арналған шығындар жалпы көлемінің 72% бөгде ұйымдарды тартпай-ақ кәсіпорындардың өз күшімен (ішкі шығындар) орындалады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша ҒЗТКЖ арналған ішкі шығындар 5 млрд. теңгені құрады (2016 ж. – 3,5 млрд. теңге), оның 43% республикалық және жергілікті бюджетке түседі. ҒЗТКЖ шетелдік инвестициялар жалпы республикалық көлемінің 88% Шығыс Қазақстанға келеді (1,1 млрд. теңге).

 

Мұрағат

Парақтар өзгертілді: 24-07-2018
  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU