ҒТТК

ҒТТК жобаларын іске асыру бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа жолдауында қойған нақты міндеттерді орындау, біріншіден экономиканың жылдамдатылған технологиялық модернизациясын өткізуге ықпал етеді, ол өз кезегінде өзіміздің ЖОО негізінде ғылыми және инновациялық мүмкіншіліктерін дамытусыз мүмкін емес. Екіншіден өсудің жаңа драйверлерін туғызады.

ЖОО негізінде ғылыми және инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз ету, Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті аймақтың жетекші өнеркәсіп кәсіпорындары «Казцинк» ЖШС, «Востокцветмет» ЖШС, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ, «Усть-Каменогорский титано магниевый комбинат» АҚ сонымен қатар шетел әріптестерімен «Engineering Dobersek» Компаниясы (Германия), Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Н.А. Чинакала атындағы тау ісі институты (Ресей), Stainless Компаниясы (Франция) бірлесіп инвестициялаудың жалпы соммасы 7,3 млрд. теңгені құрайтын он жедел жобадан тұратын, төрт ғылыми-технологиялық бағдарламаны жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.

Төрт нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру мақсатында, облыстың қала құрушы кәсіпорының он жобасы қайта өңделіп ғылыми және инвестициялық құрамдас бөліктеіне бөлінді.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ғылыми құрамдас бөлігіндегі өтінімдері ағымдағы жылдың наурыз айында Алматы қаласындағы ұлттық орталық және Ұлттық ғылыми кеңестің «Пайдалы қазбаларды рационалды пайдалану, шикізатпен өнімдерді қайта өңдеу» басымдылығы бойынша келісімін алды.
2017 жылдың 5 сәуірінде Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссиясы 7 жобаның ғылыми құрамдас бөлігі бойынша конкурстан тыс қаржыландыру бойынша оң шешімін алып ағымдағы үш жылдың ішінде 2,7 млрд. теңге қаржыландырылады.

Жобалардың инвестициялық құрамдас бөлігі бойынша қаржыландыру көзі ретінде «Технологияларды дамыту бойынша ұлттық агенттік» АҚ –ның ҒТТК қортындыларын коммерциализациялауға гранттары түрінде анықталды.
Жобаларды іске асыру барысында келесі жаңа өндірістерді құру күтүлуде – магнитты-резонасты томогрофтарды өндіру үшін жоғарғыөткізгішті сым, медицина және мұнайгаз өндірісі үшін жоғарғы технологиялық өнімдер, жаңа жұмыс орындарын құру, аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарында ҒТТК қортындыларын коммерциализациялау тәжірибесі алынады.

 

Парақтар өзгертілді: 02-05-2017