Бизнесті дамытудағы Индустриялық аймақтар

Шығыс Қазақстан облысының индустриялық аймақтар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ – ауыл шаруашылқа бағытталмаған, коммуникациялармен қамтамасыз етілген, өнеркәсіп нысандарын орналастыру және пайдалану үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне ұсынылған.
Индустриялық аймақтардың даму мақсаты – импортты ауыстырушы және бәсекеге қабілетті өндірістерді  ынталандыру және құру үшін жағдай мен бүгінгі заманға сай инфрақұрылым қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Индустриялық аймақтардың артықшылықтар:
- Инфрақұрылымды салуға  шығындарды азайту;
- Қатан салалық байланастыру болмауы;
- Оңайлатылған рұқсат беру құжаттамасын беру;
- Негізгі қалалық желілілерге ең аз жүктеме;
- Бәсекеге қабілетті  өнім  өндірісі үшін шарттарды құру.

Шығыс Қазақстан облысында 3 индустриалды аймақтар бар:
1. «Өндіріс» индустриялық аймағы, Семей қаласы, ауданы 92 га;
2. «Өркен-КШТ» индустриялық аймағы, Өскемен қаласы, ауданы 33,5 га;
3. «Машиностроителей көшесі» бойындағы индустриялық аймақ, Өскемен қаласы, ауданы 26,6 га.

1. "Өндіріс" индустриялық аймағы (Семей қ.)
Инфрақұрылым тартылды:
- Электр тарату желісі 10 кВт, ұзындығы 4,5 км;
- Әкімшілік корпус, жалпы ауданы 1256 м2, жер учаскесі 3,6 га;
- Сумен қамту және канализация желілері, ұзындығы 1260 м;
- Бетон қоршау ұзындығы 4 км;
- Трансформаторлық қосалқы станция.

Қазіргі күнде 3 жоба іске асырылған, өндіріс көлемі 60 млн. теңге құрады, салықтық аудамдардың көлемі 10 млн. теңге құрады және 40 жұмыс орындары құрылды:
1. "Биовторполимер" ЖШС - қайталама шикізатқа қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өндірісі (1 га);
2. «И.Н. Фаррахов» ЖК («Farrachety&Company» ЖШС) – көбікбетон бұйымдарының өндірісі (1,2 га);
3. «Игеру» ШҚ – жылжымалы темір жол құрамы үшін тежегіш қалыптар өндірісі (0,6 га) (қазіргі уақытты МЕМСТ-қа сәйкестігі өтуде рәсімін).

3 жоба іске асыру кезеңінде:
1. "Игеру" ШҚ – резеңке ұнтағына көлік шиналарының кәдеге жарату және қайта өңдеу (1,4 га);
2. "Нұғманов С. К." ЖК – құрылыс материалдарын өндіру шағын зауыт салу    (1 га);
3. «AGRO PORTAL» ЖШС – тереңінен етті қайта өңдеу комбинатының құрылысы (58,0 га).

2. "Өркен-КШТ" индустриялық аймағы (Өскемен қ.)
Инфрақұрылым тартылды:
- Қуатты тарату пункті, қуаты 0,7 МВт;
- Қоршау;
- Әкімшілік ғимаратының нөлдік деңгейі.

Қазіргі уақытта индустриялық аймақтың ішінде және аумағына дейін автомобиль жолының құрылысы және индустриялық аймағына қосымша инфрақұрылымды тарту үшін құжаттар дайындалып жатыр:
•Суық сумен қамту орталық желілерінен желілерінің құрылысы, 250 м куб/тәулігіне;
• Электрмен жабдықтау, 1500 кВт.;
• Индустриалды аймақ аумағында жылумен жабдықтау 10-15 Гкал/сағ;
• Ұзындығы 1,5 км ж/д тұйығының салу;
• Балама нұсқаларды ұсына отырып өндірістік кәріз желілерін құрылысы, 75 м. куб/тәулігіне.

3. «Машиностроителей к. бойынша» индустриялық аймақ (Өскемен қ.)
Инфрақұрылым тартылды:
- Ұзындығы 140 метр теміржол тұйығы;
- ЭБЖ тіреулері және қуаты 2 МВт тарату пункті;
- Автомобиль жолдарының ішкі айырығы;
- Сорғы қосалқы станция;
- Жылу станциясы;
- Дуал құрылысы.
Қазіргі уақытта «КТЖ Экспресс» АҚ-ның сауда-логистикалық орталығының, сондай-ақ «Universal Logistics» ЖШС-нің көпфункционалды қойма логистикалық объектінің құрылысы жобаларын орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде.