Түсті металлургия

Шығыс Қазақстан облысы түсті металлургия өнеркәсібінің 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте қолданыстағы бағалармен 1 349,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 120,3% құрайды. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 109,2 пайызды құрады.

Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте 201,6 млрд. теңгеге қолданыстағы бағалармен өнеркәсіп өнімін өндірді, бұл өткен жылдың деңгейіне қарағанда 165,1% құрайды. Нақты көлем индексі 112,5 пайызды құрады.
Облыс өнеркәсіп құрылымында тау-кен өнеркәсібінің үлесі 14,2 пайызды құрады, өңдеуші өнеркәсіп үлесі – 78,8%.
Тау-кен металлургия кешеніне жататын металлургия саласында НКИ 111,2% құрады (759,1 млрд.тенге). Өңдеуші өнеркәсіптегі металлургия үлес салмағы 71,4% құрайды.
Есепті кезеңінде шығару 476 316 кг өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күміс, 20 409 кг өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын, 3 000 кг доре қорытпасындағы алтын.
Металл кенін өндіру саласында өнімнің нақты көлемі индексі 111,1%   (161,3 млрд тенге) құрады.

27 854,0 мың тонна мыс кендері өндірілген (өткен жылға қарағанда 134,0%), 2 654,1 мың тонна мыс-мырыш кені (97,7%), 925,5 мың тонна құрамында алтыны бар кен (101,3%), 705,5 мың тонна мыс концентраттары (117,3%), 153,9 мың тонна мыс қойыртпасындағы мыс концентраты (185,0%), 316,8 мың тонна мырыш концентраттары (96,6%), 51,1 мың тонна қорғасын концентраттары (72,5%).

 

Mұрағат

kn     2017 жыл

kn     2016 жыл

 

Парақтар өзгертілді: 23-10-2018
  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU