Түсті металлургия

2016 жылғы түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімінің жылдық Қорытындысы

2016 жылы түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімі жер қойнауын пайдалану бойынша 20 комиссиялық отырыс өткізді, соның ішінде:

-жұмыс топтары бойынша келіссөздер жүргізу және жер қойнауын пайдалану құқығын беруге, барлауға, өндіруге, бірлескен барлауға және жалпыға таралған пайдалы қазбаларды салуға және (немесе) жерасты суларын барлаумен немесе өндірумен байланысты 10 отырыс өткізілді.
-сарапшылық комиссиялардың жер қойнауын пайдалануға немесе өндіруге және кең таралған пайдалы қазбалардың мәселелері жөнінде 10 отырыс болып өтті.
-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бекіткен қаулысымен, түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімі 6 мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін көрсетеді:

1. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тiркеу.
2. Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру.
3. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру.
4. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге келісімшарттар жасасу, тіркеу және сақтау.
5. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшін берілген жер қойнауының учаскелеріне арналған сервитуттарды тіркеу.
6. Жер қойнауын пайдалануға, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасау, тіркеу және сақтау.

Түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімі тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру, құрлыста қолданылатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темiржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат рәсімделеді.

Келіп түсуіне қарай, түсті металлургия және жер қойнауын пайдалану бөлімі, азаматтардың және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Басқарма және бөлім орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен хат алмасу қызметімен байланысты жүргізіледі.

Сонымен қатар бөліммен қызметті жүзеге асыру бойынша жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және іске асыру сынықтары мен қалдықтарын және құрамында түсті және қара металдары бойынша басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылданады.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда өндіріс көлемі 118,2 млрд. теңге, бұл ретте НКИ 125,1%-ды құрады.
2016 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 907 млрд. теңге, НКИ 106,5% - ды құрады.

 

ШҚО металлургия өнеркәсібінің 2016 жылдың 10 айлық көрсеткіштері бойынша ақпарат

2016 жылдың 10 айы ішінде, металургия өнеркәсібінің өнімі 757,0 млрд. теңгені құрап, 1,8 есе немесе 342.5 млрд. тенгеге өсті.
Металургия  өнеркәсібінің нақты көлем индексі - 104,7% пайызды құрады.
Бағалы негізгі және түсті металдар өндіру көлемі 754,8 млрд. теңге, 1,8 есе немесе 342,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі өсіммен - 104,7% пайызды құрады.
Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 13,2 млрд теңгені құрап, 20,8% немесе 2,3 млрд. теңге өсіммен артты. Нақты көлем индексі - 110,5%.

 

 

Парақтар өзгертілді: 11-04-2018
  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU