Өнімді инновацияларды ынталандыру

Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік Банктің «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы (бұдан әрі – Жоба) шеңберінде 2017 жылғы 6 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық  бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша конкурс өткізеді.

Бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар мен өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдарды құру болып табылады.

 Бағдарлама бойынша жобаларды іске асыру мерзімі үш (3) жылдан аспауы тиіс. Консорциум кем дегенде бір ғылыми ұйымнан (ЖОО, ҒЗИ және т.б.) және кем дегенде екі бизнес өкілінен құралуы тиіс. Гранттың максималды мөлшері 650 млн. теңгені құрайды. 

Бағдарлама бойынша толық ақпаратты Жобаның www.fpip.kz  сайтынан, consortia@fpip.kz электрондық поштасы немесе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11, +7 708 984 27 10 телефондары арқылы біле аласыз.