Облыс кәсіпкерлерінің назарына!

2019 жылы 30 қыркүйекте сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында (Өскемен қ., М. Горький көшесі 40, 1-этаж, 108 конференц-залында) облыс әкімінің бірінші орынбасары Е.Қ.Аймұқашевтің төрағалығымен бизнес-қоғамдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күнін өткізу жоспарлануда.

Іс-шараға облыстың бақылау-қадағалау органдарының, ұйымдардың, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің, кәсіпкерлер палатасының басшылары және бизнес-қауымдастықтың өкілдері қатысады.

Қатысуды 8(7232) 71-32-65 телефоны бойынша және e.serikkanov@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға растауға болады.

  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU