Конкурс өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.

Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 үй, 307;
пошталық мекенжайы: 070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40 үй, 307;
электронды поштаның мекенжайы: u.predprinimatelstva@akimvko.gov.kz;
байланыс телефоны 8 (7232) 71 32 65.

Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiмдер тапсыру орны: Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы, М. Горький көшесі, 40, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимараты, 315 кабинеті, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-портал арқылы https://e-vko.gov.kz сілтемесі бойынша.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер өздері көрсетiлген мекенжай, пошта, өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы немесе https://e-vko.gov.kz сілтеме бойынша «электрондық үкімет» веб-портал арқылы бекiтiлген нысан бойынша өтiнiм мен конкурстық құжаттаманың толық пакетiн ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмдерi: 2019 жылдың «7» қазаннан бастап 2019 жылдың «11» қазанына дейiн жұмыс күндерi сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейiн (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi тапсыруды бастаған күнi мен уақыты: 2019 жылдың «7» қазан сағат 9.00-ден бастап (жергiлiктi уақыт).
Өтiнiмдердi тапсыруды аяқтау күнi мен уақыты: 2019 жылдың «11» қазан сағат 18.30–ға дейiн (жергiлiктi уақыт).

Көрсетiлген мерзiм аяқталғаннан кейiн келiп түскен өтiнiмдер қабылдауға жатпайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен www.upiir.vko.gov.kz сайтында танысуға болады.

 

  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU