Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі  Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына, Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларының 2-тармағына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру  қағидалары бекітілсін.

2. Кәсіпкерлік  және  индустриялық-инновациялық  даму  басқармасы:

1)  осы  қаулының  аумақтық  әділет  органында  мемлекеттік  тіркелуін;

2) осы  қаулы  мемлекеттік  тіркелгеннен  кейін  күнтізбелік  он  күн ішінде  оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді
баспа   басылымдарында  ресми  жариялауға жіберілуін;

3) осы  қаулы  ресми  жарияланғаннан  кейін  Шығыс  Қазақстан  облысы әкімінің  интернет-ресурсында  орналастырылуын;

4) осы  қаулының облыстың қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы  органдарының  назарына  жеткізілуін  қамтамасыз  етсін.

3. Осы  қаулының  орындалуын  бақылау облыс  әкімінің  агроөнеркәсіп кешені мәселелері  жөніндегі  орынбасарына  жүктелсін.

4. Осы  қаулы  алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік он  күн  өткен  соң  қолданысқа  енгізіледі.  

Приложение. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін Шығыс Қазақстан облысында іске асыру қағидалары

Шығыс Қазақстан облысының  әкімі  Д. Ахметов

 

  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU