«Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» атты республикалық әдістемелік семинарының қарары

Салалық терминологияны біріздендіру арқылы қазақ тілін ғылыми жағынан жетілдіру, қолданылу аясын кеңейту жолдары туралы мәселелерді ғылыми-практикалық тұрғыданжан-жақты талқылай келе, әдістемелік семинарға қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, осы ҚАРАР қабылданды:

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға,квазимемлекеттік секторларға:

- салалық терминдердің бірмағыналылық ерекшелігі ескеріліп, қажетсіз синонимдерді шектеу, терминологияны біріздендіруге айрықша көңіл бөлу;

- бекітуге ұсынылған терминдерді немесе талқылауға ұсынылатын сөздіктерді «Қазақ терминологиясының мазмұны мен құрылымы» электронды алаң арқылы таратып, жұртшылықтың пікірін біліп отыру;

- өзара жақын салалардың ортақ терминологиялық сөздіктерін шығару (политехникалық-жаратылыстану, қоғамдық-гуманитарлық және т.б.).

-сала терминдерінің көптілді сөздіктерін (қазақ-ағылшын-орыс) және т.б. жасап, олардың электрондық базасын түзу;

- әр сала терминологиясындағы ұлт тілінде жасалған төл терминдер мен кірме терминдердің үлесін (тілдердің ықпалын, донор тілді, терминалмасым көздерін ) айқындап, статистикалық есеп әзірлеу;

- сала терминдерінің түсіндірмелі, энциклопедиялық сөздіктерін (электронды және қағаз нұсқада ) жасау;

-әрбір ірі ғылым саласы терминологиясының құрылымдық ерекшеліктерін, оны құрайтын тар салалардың өзара байланысын схема түрінде көрсетіп, басты салаларды және одан тараған тарсалалық терминдердер жүйесінің саны мен иерархиясын айқындау, соның негізінде терминологиялық қорды толықтыру;

- сала терминологиясын жасауда жиі қолданылатын терминжасам үлгілері мен терминбөлшектерді айқындау, нәтижесін терминологиялық алаңға орналастыру, сонымен қатар осы уақытқа дейін жасалған ұтымды терминдерді негізге ала отырып, терминдерді қалыптастыруға қатаң талаптар қою;

- орталық және жергілікті атқарушы органдарда, квазимемлекеттік секторларда, бұқаралық ақпарат құралдарында,  меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда жұмыс немесе нормативтік-құқықтық актілер және іс-қағаздарын әзірлеу барысында Республикалық терминология комиссиясы мақұлдаған терминдерді басшылыққа ала отырып,жүйелі түрде бірізді қолданылуын қадағалауды қамтамасыз ету;

 

- терминдерді біріздендіру, жүйелеу қоғамның барлық саласында терминдердің қолданылу аясын кеңейту мақсатында «Termincom.kz» сайтының көпшілікке қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- лингвист ғалымдар, сала мамандары және тәжірибелі аудармашылардың қатысуымен көшпелі әдістемелік семинарлар ұйымдастыру;    

- терминология саласында қордаланған мәселелерді шешу, сала мамандары мен жұртшылықтың арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік секторлардың «Termincom.kz» сайтының электрондық алаңы арқылы онлайн семинар-кеңес, онлайн-конференция және офлайн конференция жұмыстарына белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

- терминдерді біріздендіру, реттеу, жүйелеу мақсатында аударма, БАҚ, экономика, ұлттық банк, медицина, ауыл шаруашылығы, білім, сот жүйесі, заң, құқық қорғау, қаржы және т.б. салалар бойынша онлайн семинар-кеңес және онлайн конференция шараларын ұйымдастыру;

- салалық терминологиялық секциялар жұмысын жандандыру мақсатында олардың есептерін тыңдау мәселесін қарастыру;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясына бекітуге ұсынылатын терминдерді алдын ала әлеуметтік желілерде талқылап, жан-жақты пысықтап, көпшіліктің пікірін ескере отырып, ұсыну мәселесін салалық терминологиялық секцияларға жүктеу.

- қоғамның барлық салаларында терминдердің жүйелі түрде бірізді қолданылуын қамтамасыз ету мақсатындасалалық терминологиялық секциялардың жұмыстарына мониторинг жүргізу.

 

  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU