Шығыс Қазақстан облысының минералды-шикізат базасының жай-күйі мен дамуы туралы облыстық әкімдікте Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіннң Геология комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаевтың қатысуымен кеңес өтті. Іс-шараға жобалық ұйымдар, ғалымдар  және жер қойнауын пайдаланушылар шақырылды.
Отырыс барысында аймақтың минералды-шикізат базасының қазіргі жағдайы, оны толтыру бойынша жоспарланған шаралар, бар тосқауылдар туралы мәселелер талқыланып, геологиялық-барлау жұмыстарының инвестициялық тартымдылығын арттыру туралы ұсыныстар тыңдалды. Отырыс барысында «2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасына» енгізілетін ұсыныстар жасалды.

  • Шығыс-Адалдық алаңы
  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU