«Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

(070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький к., 40, 313 кабинет, анықтама үшін телефон 8 (7232) 71-32-54, e-mail: k.dutbaeva@akimvko.gov.kz

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына жалпы конкурс жариялайды 

1. Жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы, D-0-4 (6-1-1) санаты, лауазымдық еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты 108305,6 теңгеден 146177,2 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының және жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі Сараптамалық комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауын пайдалану объектілерін (немесе олардың бөліктерін) жою және консервациялау жөніндегі комиссияны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды және оларға толықтыруларды жасау, тіркеу және сақтау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. ШҚО әкімінің, Басқарманың сайтында және мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бөлім жұмысына қатысты мәліметтерді жаңарту бойынша жұмыстарды жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті стандарттары мен регламенттерін сақтайды, сондай-ақ бөлімнің көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ай сайынғы есебін ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына дербес жауапты болады:

- алдағы құрылыс учаскелері астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе маңызының аздығы туралы қорытынды беру;

- пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру.

Мемлекеттік қызмет регламенттерін уақытылы дайындау бойынша жұмыс жүргізеді. Электрондық қызметтер орталығының ішкі порталының деректерін уақытылы енгізу және түзетуді жүзеге асырады. Аймақ кәсіпорындарының меморандум шарттарын орындау бойынша мониторинг жүргізеді. Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбалар бойынша келісім-шарттар (ЛКУ) талаптарын орындауына мониторинг және талдау жүргізеді. Жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялардың шарттарын сақтауын бақылау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операциялардың жүргізілуін мемлекеттік бақылау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді. Жер қойнауын пайдаланушылардың ынтаға арналған лицензияда және осы Кодексте көзделген ынта шарттарын сақтауын бақылау бойынша жұмыс жүргізеді. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және құмарлыққа берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін салада ақпараттық-талдау жұмысын және мониторинг жүргізеді. Баяндамалардың, қосымша баяндамалардың, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі аппаратының отырыстарында, бөлім қызметіне қатысты кеңестерде қарау үшін ақпараттық материалдардың, жобалардың, баяндамалардың жобаларын дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындайды.

2. Инвестицияларды тарту бөлімінің бас маманы (2021 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне), D-0-4 (3-1-2) санаты, лауазымдық еңбекақысы жұмыс өтіліне байланысты 108305,6 теңгеден 146177,2 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Инвестициялаудың барлық тәсілдері мен әдістерін пайдалана отырып, өңір экономикасына әр түрлі нысандар мен түрлерді инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізу. Қаржыландыруды талап ететін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференцияларды алуға үміткер кәсіпкерлерге және инвестициялық жобалардың бастамашыларына консультациялық көмек көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының индустриялық аймақтарының жобаларын толтыру бойынша мониторингті жүзеге асыру. Инвесторларды тарту және инвестициялық климатты жақсарту бойынша өңірлік кеңестің жұмысын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы «Заңының 36-бабында қарастырылған «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі тұлғасындағы жалғыз акционердің құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Ертіс» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру. Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық порталының жұмысын ұйымдастырады. Өңірге инвестиция тарту мәселелері бойынша жасалған меморандумдардың орындалуына мониторинг жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы мамандықтар» (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша), «Техникалық ғылымдар және технологиялар» (тау-кен ісі, металлургия, машина жасау, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, көлік, көліктік техника және технологиялар) немесе «Құқық» мамандықтары бойынша білім қажет.

Жұмыс тәжирибесі талап етілмейді.

Келесі құзыреттіліктері болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ – қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы:  k.dutbaeva@akimvko.gov.kz  электрондық пошта мекенжайына электронды түрде, не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжат тігілетін папкаға салынған келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

 3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының           2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің            2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің             2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27 баптың 8 тармағының бірінші бөлігінде аталған адамдар уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда жеке қасиеттерін бағалаудан өтеді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы не олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ-де осы конкурс бойынша оларды әңгімелесуге жіберу туралы кандидаттар хабарландырылған  күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап «Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М.Горький к., 40, 313 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурс қатысушылары және үміткерлер 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға немесе оның аймақтық бөлімшелеріне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекенжайға жолдауыңызға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Н. Назарбаев, даңғылы, 4.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

Жалпы конкурс Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігі  төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Анықтама үшін телефон 8 (7232) 71-32-54, e-mail:  k.dutbaeva@akimvko.gov.kz

 

  • Шығыс-Адалдық алаңы
  • Ашық үкімет
  • Общественная приемная акима области
  • DAMU