Өңірлік тұрақтандыру қорының жұмысы туралы

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру Ережелеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен өңірлік тұрақтандыру  қорын басқару жөнінде Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылды.
Комиссия азық-түлік тауарларының тізімін, көлемін анықтайды және оның бағаларын белгілейді.

Жасалған келісімнің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақтандыру қорынан өнімдер сатып алу тауарлық биржа арқылы жүзеге асырылады.
2016-2017 жж. маусымаралық кезеңіне өңірлік тұрақтандыру қорына  2016 жылғы астықтан  5,7 мың тонна жеміс-көкөніс өнімдері сатып алынды, атап айтқанда  Семей қаласы бойынша – 3,2 мың тонна, Өскемен қаласы бойынша – 2,5 мың тонна.

Тұрақтандыру қорының өнімдерін (қырыққабат, сәбіз, қызылша, картоп, пияз) 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 1 килограмм үшін 50 теңге белгіленген бағамен, сауда үстемеақысыз Өскемен қаласы бойынша ӘКК меншік сауда нүктелерінде («Жәрдем» муниципалды базары, «Fresh Market» СҮ, 8 сауда павильоны), Өскемен қаласы бойынша 59 сауда нүктелерінде, Семей қаласы бойынша 62 сауда нүктелерінде ең төменгі сауда үстемесін 10% - дан аспайтын бағамен сатылды.
2017 жылғы 10 мамырдағы жағдай бойынша тұрақтандыру қорына сатып алынған 5700 тонна жеміс-көкөніс өнiмінің барлық көлемi сатылды.

2017-2018 жылдары мезгіларалық кезеңде азық-түлік тауарларының тапшылығына және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында өңірлік тұрақтандыру қорына 2017 жылғы астықтан 7500 тонна көлемінде 1кг 50 теңгеден, биржалық сауда әдісімен, жеміс-көкөніс өнімдері фьючерстік жолмен сатып алынды.

 

kn Перечень торговых объектов *.doc183 KB

 

Парақтар өзгертілді: 13-05-2017